Шығыстану факультеті Ғылыми кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде жапонтану бөлімінің студенттеріне диплом рәсімі өтті

19 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 19 желтоқсанында Шығыстану факультетінің кезекті Ғылыми кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде  «6B02302- Аударма ісі» және «6802207-Шығыстану» мамандықтары бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Жапониядағы оқуды аяқтап, дипломдық жұмыстарын сәтті қорғаған студерттердің дипломдары табысталды.

Бұл бітіруші студенттердің Жапонияның ең үздік университеттерінде тереңдетілген білім алу үшін Жапония үкіметінің беделді MEXT және JASSO стипендияларын алғанын ерекше атап өтуге болады. Кәжен Шахислам, Пазылбекова Диана, Ережепова Рахима және Турғанбек Улыкбек бір жылдық академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Осака, София университеті, Хоккайдо университеті және Дайто Бунка университетінде оқып, жапон тілі мен мәдениеті бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік алды.

Студенттер тіл деңгейін ғана емес, елдегі мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерімен танысып, диплом жобаларына негіз болатын көптеген ақпаратқа ие болды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Жапониядағы оқуларын жақсы аяқтап, дипломдық  жұмыстарын сәтті қорғап, шетелде оқыған кезеңде алған терең білімдері мен жоғары дайындықтарын көрсетті.

Шығыстану факультетінің деканы студенттердің MEXT және JASSO бағдарламалары  студенттердің  білім алуында маңызды кезең және халықаралық ынтымақтастықтың мәдениетаралық қарым-қатынас және аударма ісіндегі құзыреттіліктерді  дамытуда көп септігін тигізетін үлгісі екенін атап өтті. Ол мұндай жобалар білім сапасын арттырып қана қоймай, Қазақстан мен Жапония арасындағы байланысты нығайта түсетініне сенім білдірді.

Түлектерді оқуын сәтті аяқтап, дипломдық жұмыстарын қорғауымен құттықтаймыз және оларға сәттілік тілейміз!