- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрғумбаева Ақнұр Аманбекқызына 2024 жылғы «Ең үздік университет оқытушысы» атағы берілді
Тұрғумбаева Ақнұр Аманбекқызына 2024 жылғы «Ең үздік университет оқытушысы» атағы берілді
27 желтоқсан, 2024
Тұрғумбаева Ақнұр Аманбекқызын 2024 жылғы «Ең үздік университет оқытушысы» құрметті атағымен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Бұл лайықты атақ Сіздің Қазақстан ғылымы, білім беру және фармацевтика саласын дамытуға қосқан бағасыз үлесіңізді мойындау болып табылады. Ғалым және оқытушы ретіндегі жолыңыз жетістіктері мен еңбектерімен таңғалдырады:
Ғылыми жетістіктері:
- 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде 30 мақала халықаралық Scopus және Web of Science базаларында, сондай-ақ 35 мақала ҚР БҒМ ККСОН ұсынған.
- АҚШ, Польша, Франция, Қытай, Малайзия және басқа да елдерде 20-дан астам халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу.
- 12 қорғау құжатының иесі, оның ішінде 2 патент және 12 пайдалы модель.
- Цитаталар индексі: Scopus h-индексі — 8, Web of Science — 8.
Марапаттар мен танылу:
- «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Ғылым» номинациясы бойынша.
- «NURINTECH» байқауының «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша жеңімпазы.
- Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2017 және 2023 жж.).
- «Шапағат» сыйлығының жеңімпазы (2016, 2019 және 2021 жж.).
- «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері «500 ғалым» бағдарламасы аясында.
Ғылыми жобалар:
- AP09057889 жобасының жетекшісі, органикалық ластаушы заттардың трансферін азайту технологияларын әзірлеу бойынша.
- Биопокрытияларды әзірлеу, өсімдік шикізатынан дәрілік препараттар жасау және трансляциялық медицина бойынша зерттеулерге қатысу.
Білім және кәсіби карьера:
- Философия докторы (PhD), доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.
- Оқытушыдан ғылыми жобалар жетекшісі, жетекші ғалым және ғылыми комитеттердің мүшесіне дейінгі тәжірибе.
Тәжірибелер және біліктілікті арттыру:
- Қытай: Шыңжаң техникалық физика және химия институты, химия саласындағы зерттеулер (2011 ж.).
- АҚШ: Миссисипи университетінің табиғи өнімдер ұлттық орталығы (2013 ж.).
- Армения: Армян медициналық университеті, Ереван қаласы (2014 ж.).
- Ұлыбритания: Вестминстер университеті, медицина үшін биотехнологиялар мен биоыдырағыш полимерлер бойынша зерттеу бағдарламасы (2023-2024 жж.).
Сізбен мақтанамыз және болашақта жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз!
Басқа жаңалықтар
5 қаңтар, 2025
5 қаңтар, 2025
5 қаңтар, 2025