«Psycho Express» Нархоз университетінде
![](/storage/news/321191464867725c54b3663554378160_Изображение WhatsApp 2024-12-30 в 133033_db916b78.jpg)
20 желтоқсан күні Нархоз университетінде «Psycho Express» атты іс-шара өтті. Бұл шарада Алматы қаласы университет психологтары жиналып, университет студенттеріне тегін психологиялық қызмет көрсетті. Мақсаты, студенттерге психологиялық қызмет көрсету және психологтың көмегіне жүгіне білу мәдениетін қалыптастыру.
Атаулы шара 4 сағатқа созылды. Бұл уақытта 50-ге жуық студент қамтылды. Студенттердің басты мәселесі: депрессивті көңіл-күй, өзін құнсыздандыру, өзіне деген сенімнің жоқтығы, социуммен қарым-қатынас екені белгілі болды.
Әр маманның кәсіби біліктілігінің арқасында студенттердің мәселелері оңтайлы шешілді.
БҰҰ-ның ТДМ шарттарында «Сапалы білім» мәселесі қарастырылған. Psycho Express жобасы студенттің психологиялық саулығын қамтамасыз етеді және білім алуына септігін тигізеді деп сенеміз.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/2683968420679c5656b2d76725102344_Изображение WhatsApp 2025-01-31 в 093737_e377b595.jpg)
![](/storage/news/321191464867725c54b3663554378160_Изображение WhatsApp 2024-12-30 в 133033_db916b78.jpg)