Тұрақты даму мақсаттары» (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік және сапалы білім тармақтары аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында қысқы мектеп аясындағы онлайн-курс ұйымдастырудаFarabi University

Тұрақты даму мақсаттары» (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік және сапалы білім тармақтары аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында қысқы мектеп аясындағы онлайн-курс ұйымдастыруда

9 қаңтар, 2025

 

          Шығыстану факультеті  Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы «Тұрақты даму мақсаттары» (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік және сапалы білім тармақтары аясында, Университеттің стратегиялық дамуын жүзеге асыру және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында 06.01.2025-16.01.2025 жж. аралығында Түркия Республикасы Газиантеп Ислам білімі және Технология университеті, Ислам білім факультетінің (Gaziantep İslam Bilim Ve Teknoloji Üniversitesi, İslami İlimler Fakültesi) және Әз-Зеһра университеті, Араб тілі факультеті (Ez-Zehraa Üniversitesi, Arab Dili Fakültesi) (Түркия) студенттеріне «Араб тілін оқытудың заманауи әдістері» атты қысқы мектеп аясындағы онлайн-курс ұйымдастыруда. Курсқа қатысқан студенттердің араб тілінде коммуникация орнату дағдыларын қалыптастыру, араб тілінің фонетикалық ерекшеліктерін, дауысты және дауыссыз дыбыстардың дыбыстық бейнелерін, артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, қазіргі заманғы білім беру технологияларын (араб грамматикасы бойынша онлайн-жаттығулар, онлайн-сөздіктер) когнитивті мақсатта пайдалануды үйретуге мақсат қойылады.

        Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы оқытушылары өткен сабақтарға аталмыш университеттердің студенттері белсене қатысып, араб тіліне қатысты білімдерін тереңдетуде.