- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Цифрландыру жағдайында құқықтық пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізу әдістемесі: дәстүрлер мен жаңа үдерістер»
«Цифрландыру жағдайында құқықтық пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізу әдістемесі: дәстүрлер мен жаңа үдерістер»
.jpeg)
Заң факультетінің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында 2025 жылдың 08.01.-15.01. күндері аралығында өтіп жатқан «Оқу үрдісіне инновациялық технологияларды интеграциялау» атты оқу-әдістемелік жұмыс оқулары апталығы барысында Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының, Оқыту және білім беру сапасы бойынша Академиялық комитетінің ұйымдастыруымен 2025 жылы 10 қаңтарда «Цифрландыру жағдайында құқықтық пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізу әдістемесі: дәстүрлер мен жаңа үдерістер» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Семинар онлайн және офлайн, аралас форматта өтті. Семинарға заң факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттары және магистранттары қатысты. Басқосуға шетелдік ғалым - з.ғ.д., Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессоры Ф.А. Мухитдинова қатысып, сөз сөйледі. Профессор з.ғ.д., А.С.Ибраева «Интерактивті әдістер заң пәндері бойынша оқытудың қолданбалы әдістемелерін қалыптастырудың негізі ретінде», профессор, з.ғ.д. Ж.А. Кегембаева «Жоғары білім саласының цифрлық трансформациясы», доцент, з.ғ.д. Д.М.Баймаханова «Конституциялық құқық пәні бойынша ЖАОК пайдалана отырып, СӨЖ жүргізу әдістемесі», доцент, з.ғ.к. Л.Т.Культемирова «Әкімшілік-құқықтық пәндерді оқытуда кейс-әдісті қолдану» тақырыптарында сөз сөйледі. Семинарда цифрландырудың заманауи үрдістерін ескере отырып, заң пәндері бойынша оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері талқыланды.
Оқу-әдістемелік семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар ұсыныстар әзірледі, онда білім беру процесін жақсарту, оқытудың инновациялық әдістерін енгізу және тез даму үстіндегі технологиялар жағдайында студенттерді даярлау сапасын арттыру үшін негізгі қадамдар айқындалды.
Басқа жаңалықтар

