- Басты бет
- Жаңалықтар
- ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ БАЙҚАУЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ.
ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ БАЙҚАУЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ.
2025 жылдың 10 қаңтарында Шығыстану факультетінде «6В02207-Шығыстану» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауының 1 кезеңінің комиссиясының отырысы өтті. Отырыстың төрағасы тарих ғылымдарының докторы, қытайтану кафедрасының профессоры Мұқаметханұлы Н., комиссия құрамына тарих ғылымдарының кандидаты, Қиыр Шығыс кафедрасының доценті Балакаева Л.Т., Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ілияс Н.К., PhD докторы, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы Тюлегенов К.М болды. Байқаудың негізгі мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық белсенділігін ынталандыру.
Байқауға шығыстану ғылымының басым бағыттары мен өзекті мәселелері бойынша он жұмыс ұсынылды. Жұмыстарды комиссия мүшелері 10 күн ішінде қарап шығып, жоғары бағалады. Әрбір жұмыс жас ғалымдардың дербес, аяқталған зерттеуін білдіреді. Шешім қабылдау барысында комиссия мүшелері жұмыстарды бағалауы тек жұмыстың жаңалығы мен өзектілігі, зерттеудің толықтығы және жұмысқа заманауи көзқарас негізінде жүзеге асырылды.
«6В02207-Шығыстану» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауының университет ішілік кезеңінің 1-ші турында қытайтану кафедрасының 3 курс студенті Ермахан Сәкен 1-орынды иеленді. Екінші екі орынды Қиыр Шығыс кафедрасының 3 курс студенті Маратқызы Маржан мен Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының 4 курс студенті Мұратова Альбина иеленді. 3 орынды Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының үш студенті: Сәлімбай Әсел, Асан Ақерке, Құбайт Аружан иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Шығыстану факультетінің СҒЗЖ төрайымы, Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы – Исмаилова Сауле Жүсіпбекқызы