Қазақстан жастарына мемлекеттік қолдау
14 қаңтар, 2025
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің 24 kz арнасының «Бетпе –бет» бағдарламасына берген сұқбатында 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар» жылындағы маңызды мәселелерге тоқталды.
- Негізгі мақсат еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлауда колледждер мен жоғары оқу орындарын ұштастыру. Осы қажеттіліктерді айқындауда өткен жылы 9 атлас жасалса, биыл әр өңірге қажетті 11 мамандықтар атласы жасалып жатқандығын сөз етті.
- Мемлекеттік тапсырыстың моделінде кәсіби стандарттар мен атластың қажеттіліктерін тапшылықтармен ұштастыру. Осы орайда 30 жоғары оқу орны өздерінің білім бағдарламаларын 100 шақты кәсіптік білім беруші колледждермен бірге жасап жатқандықтарын Қ.Сәтбаев университеті мысалында көрсетті.
- Өңірлік университеттердің дамуы бойынша 34 шет елдік ЖОО филиалдарының Ақтөбе, Петропавл, Өскемен, Тараз, Жетісу, Қызылорда, Ақтау т.б. қалаларда ашылуы талапкерлерге осы жылдан бастап үлкен таңдау беретіндігі өте жақсы жаңалық. Енді шет елге бармай-ақ мықты білімді Қазақстанда да алуға болатындығын, ол үшін шет тілін жақсы білу қажеттігін ескертті. Сонымен бірге жатақхана тапшылығы сұрағына жауап беру барысында 82 мың төсек орын тапшылығын 14 мың төсек орынға қысқартқандығын айтты. Петропавлдағы 1200 орындық, Евразия ұлттық университетіндегі 2656 орындық жатақханалардың ашылуын, Алматыдағы 12 мың төсек орын тапшылығы мәселесі әкімдіктермен жасалып жатырған жұмыстар нәтижесінде 1-2 жыл ішінде шешілетіндігін көрсетті.
- Білім алушылардың шәкіртақы мәселесі бойынша жыл сайын бакалавр 20 процентке, магистратура мен докторантура 15 процентке өсіп келе жатқандығын, 2028-2029 оқу жылында докторанттар шәкіртақысы 500 мың болатындығы ғылым жолындағы жастар үшін үлкен мүмкіндіктер деп ойлаймын. Жас ғалымдарға Президентіміздің жаңа 200 пәтерді бөліп беруі қуантарлық жайт. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерекесінде біздің де жас ғалымдарымыз пәтерлерін алғандарының куәсі болдық.
- Президентіміз тапсырмасымен жаңа 4 тетік басталғандығын, олардың әрқайсысын жеке-жеке түсіндірді. Сонымен қатар Серпін бағдарламасы туралы да жасалынып жатқан жұмыстарды айтып өтті.
Қазіргі таңда білім аламын, оқимын деген жастарға үлкен мүмкіндіктер бар. Жастарымыз мемлекет үшін еңбек етіп, бәсекеге қабілетті бола алса, еліміз өркендеген мемлекетке айналатындығы сөзсіз.
Түркітану және тіл теориясы кафедрасының PhD докторы,
Кудьярова Шолпан Таубаевна
Басқа жаңалықтар
20 қаңтар, 2025
17 қаңтар, 2025
16 қаңтар, 2025