Алматы оқушыларына арналған Экскурсия ұйымдастырылдыFarabi University

Алматы оқушыларына арналған Экскурсия ұйымдастырылды

15 қаңтар, 2025

География және табиғатты пайдалану факультеті KEMEL қалалық физика-математика мектебінің оқушыларына экскурсия ұйымдастырды. Оқушыларға «Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану» ғылыми орталығында, «Қашықтықтан зондтау және қолдану технологиясы» Қазақстан-Қытай зертханасында жүргізіліп жатқан факультеттің ғылыми-инновациялық қызметі ұсынылды.

Оқушыларға бұл іс-шара экология саласындағы білімдерін кеңейтуге және топырақтың экологиялық жағдайын зерттеуге мүмкіндік берді.

Зертхана қызметкерлері мектеп оқушыларына топырақтың құрамын, оның сапасын бағалау әдістерін және оның экологиялық жағдайына әсер ететін факторларды түсіндірді. Сонымен қатар, оқушылар топырақтың ластануы мен эрозиясының алдын алуға байланысты іс-шаралармен танысты.

Тұрақты даму мақсаттарыТДМ 4-сапалы білім беру, ТДМ13 - климаттың өзгеруіне қарсы күрес; ТДМ 15-құрлық экожүйелерін сақтау қол жеткізуге бағытталған бұл іс-шара оқушылардың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттырды және олардың экология саласындағы ғылыми зерттеулер мен жаңа технологияларға деген қызығушылығын оятты