Амренова Аяулым Туриндегі 2025 Қысқы Универсиадасында күміс медаль жеңіп алдыFarabi University

Амренова Аяулым Туриндегі 2025 Қысқы Универсиадасында күміс медаль жеңіп алды

16 қаңтар, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс докторанты Амренова Аяулымды Турин қаласында 2025 жылы ХХХІІ қысқы Универсиадада жеткен тамаша жетістігімен құттықтаймыз! Параллельдік могул бағдарламасы бойынша күміс медаль алғаны таңғаларлық жетістік, әсіресе оның Қазақстан құрамасы атынан мемлекеттік туды алып жүру құрметіне ие болғаны қуантады. Бұл оның жоғары шеберлігі мен спортқа берілгендігін көрсетеді. Медицина және денсаулық сақтау факультетінің дене шынықтыру кафедрасы оның жетістігін мақтан етеді және алдағы уақытта да жеңістер мен жетістіктер тілейді!