Рекреациялық география және туризм кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін география және табиғатты пайдалану факультетінің оқыту және білім беру сапасы бойынша Академиялық комитетінің төрағасы А.Ғ. Көшім пәндердің оқу-әдістемелік кешенін сапалы құрастыру үшін әдістемелік семинар өткізілді. Семинарды ұйымдастыруға кафедра атынан Академиялық комитет мүшесі Ж.Н. Алиева және кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А. Моминов белсенді қатысты.
Әдістемелік семинар оқытушылардың силлабустар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеудегі кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар силлабустарды құрастырудың негізгі қағидаттарымен, инновациялармен, олардың құрылымымен, сондай-ақ пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастырудың заманауи тәсілдері туралы егжей-тегжейлі таныстырылды. Оқу материалдарының мазмұнына, оқу мақсаттарын қалыптастыруға, пәндерді игеру нәтижелерін тұжырымдауға және оларды бағалау әдістеріне қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды.
Семинар кафедраның профессор-оқытушылар құрамына өз дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді, бұл жалпы білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.