«Тұрақты даму мүддесі тұрғысындағы әріптестік және әлемдегі кедейшілікпен күресу» тақырыбындағы қонақ дәрісіFarabi University

«Тұрақты даму мүддесі тұрғысындағы әріптестік және әлемдегі кедейшілікпен күресу» тақырыбындағы қонақ дәрісі

2 желтоқсан, 2024

 БҰҰ-ның орнықты дамуының аясында,  жаһандық әріптестік шеңберінде, 2024 жылдың 2 желтоқсанында, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, заң факультетінің, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Жетібаев Нұрбол Сатыбалдыұлы «Әлемдегі кедейшілікпен күресу» тақырыбында қонақ дәрісті оқыды. Аталған дәрісте халықаралық деңгейде кедейшілікке қарсы күресте күш біріктіру мақсатында, 2000 жылы БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясы аясында өзекті мәселелер қарастырылды. БҰҰ-ның аясында әлемдегі кедейшілікті жою мақсатында тың деректер келтіре отырып дәрісті оқыды. Аталған қонақ дәрісінде Жетібаев Нұрбол Сатыбалдыұлы Әлемдегі кедейшілікпен күресу мәселелерінің тәжірибесіне тоқталып, елімізде кедейшілікпен күресуді, Үкіметтің жүргізіп отырған іс-шараларына аясында жүргізу қажет екендігін айтты. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері универсиетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің 4 курс студенттері Ержанқызы Айым, Оразов Мекемтас, Тұрсыналы Олжастың қатысуымен өткен «Әлемдегі кедейшілікпен күресу» тақырыбында қонақ дәрісі өте жоғары деңгейде өтті.