- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ-16: «Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
ТДМ-16: «Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Саналы ұрпақ» студенттер клубының ұйымдастыруымен 29 қаңтар күні «Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды аспектілерін талқылау, тиімді әдістерін анықтау және қоғамның әрбір мүшесінің осы үдерістегі рөлін айқындау. Дөңгелек үстел «Тұрақты даму мақсаттарының №16 бағыты: Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» аясында ұйымдастырылды.
Кездесуге университет Ректорының кеңесшісі Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы және «Комплаенс» бақылау қызметінің бас маманы Бегемов Ильяс Пернебекұлы арнайы қатысты. Серікбай Өрікбайұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасының саясаты» тақырыбында лекция оқып, өз тәжірибиелерімен бөлісті.
Жобаға Тұран университеті, ҚазҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Жоғары медициналық колледжінің «Саналы ұрпақ» студенттер клубының белсенді мүшелері атсалысты. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында баяндамаларын қорғап, өзекті мәселелерді талқылап, жаңа идеялар ұсынды.
Шара соңында белсенділік танытқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауатын арттырып, әділетті қоғам қалыптастыруға ықпал ететіндігін айтты. Сонымен қатар аталған іс-шараға қатысушы университеттердің студенттері бір-бірлерімен жаңа серіктестік орнатып, алға қойған мақсаттарымен бөлісті.