ҚазҰУ студенттері спорттық турнирде жүлделі орын алдыFarabi University

ҚазҰУ студенттері спорттық турнирде жүлделі орын алды

20 ақпан, 2025

2025 жылдың 15-16 ақпан күндері Қазақ спорт және туризм академиясының ұйымдастыруымен университеттер мен клубтар арасында «Жасанды рельефте спорттық туризм бойынша О.А. Сардаровты еске алу турнирі» өтті.

Аталған турнирге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері де белсенді түрде қатысты. Іс-шараға факультет деканы Ақтымбаева А.С. және Рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі Байбуриев Р.М. қолдау көрсетіп, команда жетекшілігін Бейсахмет А.А. атқарды.

Жарыс «жеке» және «байламдар» сайыстары бойынша өтті. «Туризм» мамандығының студенттері – Төлеген Али, Сайден Диас, Дурмекбайұлы Нұрсұлтан, Мұрат Асылжан, Паримбай Мейірхан және Қажығали Мейрамбек – «Жастур» командасы атынан «байламдар» сайысына қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі 3-орынға ие болды.

Бұл жетістік ҚазҰУ студенттерінің туризм саласындағы біліктілігін және спорттық туризмге деген қызығушылығын дәлелдейді. Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.