Master 2 BioWARE бірлескен магистрлік бағдарламасының түлектері

Биотехнология кафедрасының "7М05109 - Биотехнология" бағдарламасының 6 магистранты – Франциядағы ENSAIA Лотарингия университетімен бірлесіп жүзеге асырылған білім беру бағдарламасы бойынша бір жылдық оқуды аяқтаған Әбжами Зарина, Манапов Нұрасыл, Ермек Аружан Қанатбекқызы, Кенжегалиева Аяжан Кенжеғалиқызы, Раисова Камила Абайқызы, Садықбек Толғанай Еркінқызы, бір жылдық курсты (2023-2024 оқу жылы) қос дипломды маман мәртебесін алды.
Master 2 BioWARE бағдарламасы биоэкономика талаптарын, агро- және ағаш ресурстарының тұрақтылығын ескере отырып, биоөңдеу инженериясында дағдыларды меңгеруді ұсынады. «Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасы аясында толық грантпен және 800 еуро көлеміндегі стипендиямен қаржыландырылатын бұл ғылыми және кәсіптік оқу бағдарламасы түлектерге биоқалдықтарды қайта өңдеу, қайта өңделетін биошикізат және биоконверсия бойынша терең теориялық білім мен практикалық тәжірибе алу мүмкіндігін берді, сол арқылы жас мамандардың осы саладағы бәсекеге қабілеттілігін арттырды.