- Басты бет
- Ғылым
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алмаз Шарманның «Биомедицина, жасанды интеллект және адамзаттың болашағы» кітабының тұсаукесері өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алмаз Шарманның «Биомедицина, жасанды интеллект және адамзаттың болашағы» кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қонақ лекциясымен медицина ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман келді. Ол «Биомедицина, жасанды интеллект және адамзаттың болашағы» атты кітабымен таныстырып жаңа кітаптың тұсаукесерін өткізді.
Кездесу медицина факультетінің докторанттары мен студенттері, биотехнологтар және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттерімен белсенді түрде интеллектуалды диалог атмосферасында өтті.
Кездесуге жиналған аудиторияның ерекше назары Алмаз Шарманның командасы әзірлеген NutriSteppe-AI технологиясында болды. Бұл технология нейрожелілер арқылы күрделі медициналық диагноздарды анықтауға, жеке денсаулық паспортын құруға, ауруларды алдын алу стратегиясын жасауға және денсаулықты сақтау бойынша жеке тамақтану жоспарын ұсынуға мүмкіндік береді.
Ғалымның ылыми атақтары, дәрежелері мен қызметі:
• Медицина ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы «Антиоксиданттар мен прооксиданттардың иммундық қорғаныстағы әсері» (1985);
• Медицина ғылымдарының докторы, шырышты қабат иммунологиясы (1991).
Лауазымдары:
• Булат Үтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
• Spoon Foundation халықаралық қайырымдылық қорының Ғылыми кеңесінің мүшесі;
• Америкалық Денсаулық сақтау Ассоциациясының мүшесі;
• Ұлттық кардиохирургиялық орталықтың Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі (2012 жылдан бастап);
• С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Қадағалау кеңесінің мүшесі (07.2017 жылдан бастап);
• Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің алдын алу медицинасы бойынша штаттан тыс кеңесшісі (04.2023 жылдан бастап).
Ғылыми, әдеби еңбектері:
• 40 жарияланымның авторы, оның ішінде 4 монография (05.1998).
Басқа жаңалықтар

