«Таза су және санитария: бұл не үшін маңызды» атты іс-шараFarabi University

«Таза су және санитария: бұл не үшін маңызды» атты іс-шара

20 ақпан, 2025

20-шы ақпанда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биотехнология кафедрасының бірқатар профессор- оқытушы құрамының ұйымдастыруымен «Биотехнология» мамандығының 1 курс студенттеріне «Таза су және санитария: бұл не үшін маңызды» атты іс шара ұйымдастырылды.

Ұйымдастыру барысында өткізілген іс-шара тақырыбы бойынша студенттер биотехнология кафедрасының профессор-оқытушыларының қысшаша баяндамаларын тыңдады: Су – барлық тірі организмдер үшін тіршіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын ең маңызды табиғи ресурстардың бірі. Су әртүрлі микроорганизмдердің таралуының негізгі факторы болып табылады және жұқпалы аурулардың ошақтарымен байланысты. Ауыз суға белгілі бір талаптар қойылады. Сыртқы түрі бойынша ауыз су толығымен мөлдір, тұщы және иісі жоқ болуы керек. Сонымен қатар, ауыз су өзінің химиялық құрамы бойынша мүлдем зиянсыз және патогенді микроорганизмдер болмауы керек.

Таза ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері осы салада заманауи талаптарға жауап беретін және қоғамның ұлттық мүдделерін ескеретін заңнама әзірленген жағдайда ғана оңтайлы шешіледі.