Ұлттық киімді дәріптеуFarabi University

Ұлттық киімді дәріптеу

18 наурыз, 2025

«Наурызнама» онкүндігінің 5-ші күні ұлттық киімге арналып отыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері жұмысқа ұлттық киім киіп келіп, игі бастамаға қолдау көрсетті. Білім алушы жастар да сабаққа ою-өрнегі бар заманауи үлгідегі ұлттық киімдермен келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында мәдениет саласы айрықша рөл атқарады. Әсіресе төл мәдениетіміздегі Әз Наурыз мейрамының орны бөлек. «Наурызнамадағы» Ұлттық киім күні қоғамның зор қолдауына ие болды. Ұлттық киімдерге деген қызығушылық арта түсті. Мектептерде, түрлі мекемелерде, сондай-ақ ірі компанияларда ұлттық киімге мән беріле бастады. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды. Осылайша ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл өте жақсы үрдіс. Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Себебі ұлттық киім – бұл біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек», – деп атап өтті.

Ұлттық киім – ұлттың сәні. Бұл игі бастама Наурыз мерекесімен ғана шектелмей, күнделікті өмір салтына айналатынына сенімдіміз.