Арабтану бөлімінің 4-ші курс студенті Сыртқы істер министрлігінде өндірістік тәжірибеден өттіFarabi University

Арабтану бөлімінің 4-ші курс студенті Сыртқы істер министрлігінде өндірістік тәжірибеден өтті

25 наурыз, 2025

Асем Ерланова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің 4-курс студенті, ҚР Сыртқы істер министрлігінде өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибе барысында ол Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдықтарымен және халықаралық қатынастардағы стратегиялық бағыттарымен терең танысты. Министрлік құрылымында жұмыс істей отырып, ресми құжаттарды әзірлеу, дипломатиялық хат алмасу және халықаралық ынтымақтастық процестеріне қатысу бойынша тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеп, сараптамалық-талдау жұмыстарын жүргізуге атсалысты. Өндірістік тәжірибені жоғары деңгейде аяқтап, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі үшін министрліктің оң пікіріне ие болды. Алған білім мен дағдылар оның болашақ кәсіби дамуына және дипломатия саласындағы мансабына берік негіз қалайды.  

Эдвайзері: Жұмажанова Ф.Т.