Шора Сарыбаев: мұра және сабақтастықFarabi University

Шора Сарыбаев: мұра және сабақтастық

26 наурыз, 2025

26.03.25 күні университетіміздің Филология факультетінде шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары А.Е. Алпысбаева мен М.С. Рахимованың ұйымдастыруымен «Шора Сарыбаев: мұра және сабақтастық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар ғалымның өмірі мен еңбектерін талқылады. Презентация мен бейнематериалдар арқылы Шора Сарыбаевтың тіл біліміне қосқан үлесі және оның ғылыми мұрасының маңыздылығы ашып көрсетілді. Қатысушылар оның еңбектерінің қазіргі тіл біліміне тигізген әсерін талдап, пікір алмасты. Іс-шара студенттердің ғылыми қызығушылығын арттырып, тіл білімі саласындағы сабақтастықтың маңызын түсінуге көмектесті. Кафедра оқытушысы Е.А. Моругова тәрбие сағатын қорытындылады.