Қытайтану кафедрасында қорғамаған докторанттармен кездесу өтті

27 наурыз күні қытайтану кафедрасында қорғамаған докторанттармен кездесу өтті. Бұл шара докторанттардың ғылыми жұмыстарын талқылауға, олардың зерттеу бағыттары бойынша пікір алмасуға бағытталды.
Кездесуге кафедра меңгерушісі Керімбаев Ержан Әбдірайымұлы, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Қойбақова Айжан Съездқызы мен бітіріп кеткен докторанттар қатысты. Іс-шара барысында кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Айжан Съездқызы факультетте құрылған диссертациялық кеңес құрамымен таныстырып, дәрежелерді беру қағидаларындағы өзгерістер туралы баяндады. Ал бітіріп кеткен докторанттар өздерінің зерттеулерінің негізгі нәтижелері және алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кафедра меңгерушісі Е. Керімбаев докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктерін жоғары бағалап, олардың диссертацияларын табысты қорғауына тілек білдірді.
Кездесудің нәтижесінде докторанттар ғылыми жұмыстарын қорғауға қатысты ережелермен нақтырақ танысты. Мұндай іс-шаралар жас зерттеушілердің академиялық әлеуетін арттыруға және олардың ғылыми жетістіктерге жетуіне зор ықпал етеді.
Қытайтану кафедрасында докторанттарды қолдау мақсатында осындай кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастырып отыруды жоспарлауда.
Басқа жаңалықтар

