Әйелдер форумы Workshop: «Шабыттандыр және жетеле: әйел көшбасшылығының стилі»
.jpeg)
Әйелдер форумы Workshop: «Шабыттандыр және жетеле: әйел көшбасшылығының стилі»
2025 жылдың 5 наурызында, Тұрақты даму мақсаты 5 (Гендерлік теңдік) аясында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Усеинова Карлыгаш Рахимжановнаның бастамасымен шабыттандыратын Әйелдер форумы – Workshop ұйымдастырылды.
Форумда әйелдердің көшбасшылыққа деген көзқарасы өмір мен жұмыстың түрлі салаларында табысқа жетуге, дамуға және кедергілерді жеңуге қалай ықпал ететіні талқыланды.
Іс-шараға қатысушылар құқық саласының кәсіби мамандарынан құнды ойлар мен пайдалы кеңестер тыңдауға бірегей мүмкіндік алды. Форумның спикерлері болды:
1️⃣ Бақтияр Арна – «Отбасы Банк» АҚ Заң департаментінің директоры
2️⃣ Санрай Смағұлова – Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты
3️⃣ Жалғас Сапарханова – Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты
Пікірталас барысында әйел көшбасшылығының кәсіби салада табысқа жетуге, құқық пен бизнесте кездесетін стереотиптер мен кедергілерді еңсеруге көмектесетін ерекше тәсіліне баса назар аударылды.
#ӘйелКөшбасшылығы #ШабыттандырЖәнеЖетеле #Форум #Құқық #Көшбасшылық
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы
Басқа жаңалықтар
