Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары – «Сел ассоциациясы» қоғамдық ұйымының мүшелеріFarabi University

Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары – «Сел ассоциациясы» қоғамдық ұйымының мүшелері

7 сәуір, 2025

ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары – г.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мусина А.К., аға оқытушы Раймбекова Ж.Т. және PhD, аға оқытушы Абдуллаева Ә.С. «Сел ассоциациясы» қоғамдық ұйымының мүшелері. Бұл ұйым сел тасқындарын зерттеу, бағалау және болжау мәселелерімен айналысатын мамандарды біріктіреді.

Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушыларының «Сел ассоциациясы» қызметіне қатысуы селдер процесін зерттеу бойынша тәжірибе және білім алмасуға, сондай-ақ тау аймақтарының тұрақтылығын арттыру және экологиялық қауіпсіздікті жақсарту бағытында ғылыми және практикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Бұл шаралар ТДМ 4 және 13 іске асырылуына да үлес қосады.

«Сел ассоциациясы» қоғамдық ұйымы сел тасқындарын және басқа да табиғи апаттық процестерді зерттеу, сел тасқындары келтіретін шығындарды бағалау және азайту әдістерін әзірлеу, тұрғындарды қорғау жұмыстарын жүргізуге және қолдауға арналған ғалымдар мен мамандарды біріктіреді.

Кафедра оқытушыларының Ассоциация құрамындағы белсенді кәсіби қызметі ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтып, университеттің тұрақты табиғат пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ғылыми қауымдастыққа интеграциясына ықпал етеді.