- Басты бет
- Жаңалықтар
- Метеорология және гидрология кафедрасының профессоры Орталық Азиядағы су ресурстарын бірлесіп басқару бойынша оқу модулін әзірлеуге қатысты
Метеорология және гидрология кафедрасының профессоры Орталық Азиядағы су ресурстарын бірлесіп басқару бойынша оқу модулін әзірлеуге қатысты
2025 жылдың 24 ақпаны мен 14 наурызы аралығында КазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының т.ғ.к, профессор Дускаев Касым Коянбаевич Орталық Азиядағы су ресурстарын бірлесіп басқару тақырыбы бойынша оқу модулін әзірлеуге қатысты. Іс-шара Галле қаласында орналасқан Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінде өтті және оны Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) Галле-Виттенберг университетімен серіктестікте ұйымдастырды.
Оқу модулі су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы білім мен дағдыларды арттыруға бағытталған, бұл Орталық Азия елдері үшін экологиялық және гидрологиялық мәселелерді шешу тұрғысынан өте маңызды. Топ жұмысы барысында су ресурстарын бірлесіп басқару стратегиялары мен әдістері, сондай-ақ су ресурстарының шектеулігі және климаттың өзгеруі мәселелерін шешу жолдары талқыланды.
ҚазҰУ профессорының осы бастамаға қатысуы су ресурстарын басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, әсіресе Орталық Азия контекстінде маңызды үлес қосуда. Оқу модулін әзірлеу климаттың өзгеруі және су ресурстарына деген сұраныстың артуы жағдайында су ресурстарын тиімді басқаруға қабілетті білікті мамандарды даярлауға септігін тигізеді. Бұл Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуына ықпал ете отырып, БҰҰ-ның ТДМ 6 «Таза су және санитария» жүзеге асыруға маңызды қадам болып табылады.
Метеорология және гидрология кафедрасы атынан т.ғ.к., профессор Дускаев Касым Коянбаевичке оқу модулін әзірлеуге қосқан бағалы үлесі мен ҚазҰУ-ды халықаралық аренада насихаттағаны үшін алғыс білдіреміз.
Басқа жаңалықтар

