«Ұлағатты ұя – ғылым арқылы парасатты қоғамға жол ашар бағыт»
.jpeg)
14 ақпан күні Алматы қаласы Білім басқармасының №148 мектеп-гимназиясында Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифрлы әлемге - кемел біліммен» тақырыбындағы онкүндік аясында «Ұлағатты ұя – ғылым арқылы парасатты қоғамға жол ашар бағыт» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Ғылыми-танымдық іс-шараның мақсаты - жас ұрпаққа білім мен ғылымның маңыздылығын айқындап, мектеп оқушыларының зияткерлік қабілеттерін дамытуға ынталандыру. Аталған іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, География және табиғатты пайдалану факультеті, «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты Сағымбай Ө.Ж. және «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану магистрі Шайқыслан Е.Ш..қатысты. Кездесу барысында ғылыми-зерттеумен айналысып жүрген әртүрлі сынып оқушыларының ғылыми жобалары қатысушылар назарына ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылар арасынан қазіргі кездегі жаратылыстану ғылымдарындағы өзекті мәселелер жайлы өздерін қызықтырып жүрген тақырыптар бойынша сұрақтарын келген ғалым қонақтарға қойып, ғалым-ұстаздар тарапынан мол кешенді мәліметтер алды. Мектептің «География» пәнінің мұғалімдері - Онланбекова А.О., Исмаилова А.А., Есимова М.Д. оқушылар арасынан география ғылымына көптеген оқушылар тырапынан қызығушылық бар екенін атап өтті. Жоғары сынып оқушыларына кафедрадағы «География», «Кадастр», «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламалары жайлы мол мәліметтер берілді. Кездесу аясында мектептің талантты оқушылары ән айтып, би билеп ерекше көңіл күй сыйлады.
Басқа жаңалықтар

