- Басты бет
- Жаңалықтар
- PhD доктор Стивен Янгтың қатысуымен, “8D01503 – География” білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары табиғи нысандарға тур ұйымдастырды.
PhD доктор Стивен Янгтың қатысуымен, “8D01503 – География” білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары табиғи нысандарға тур ұйымдастырды.

2025 жылдың 4 сәуірінде Салем мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры, PhD доктор Стивен Янгтың қатысуымен, “8D01503 – География” білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары “Қара каньон”, “Көлсай және Қайыңды көлдері” сияқты табиғи нысандарға тур ұйымдастырды.
Тур барысында профессор Стивен Янг пен докторанттар Қазақстанның географиялық ерекшеліктерін, қала тарихын, ландшафттарын, ауыл шаруашылығы және танымдық туризмнің дамуын талқылады. Профессор климаттың өзгеруін және табиғи-географиялық ресурстарды зерттеу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Жалпы жоспарланған сапар сәтті өтті, профессор Қазақстанның ғажайып табиғаты мен сұлулығына тәнті болды. Докторанттар профессорға зерттеу тақырыптары бойынша әр түрлі сұрақтар қойып, зерттеу тақырыбын талқылауға орасан зор мүмкіндік алды.
Басқа жаңалықтар

