«Метеорология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев музейіне бардыFarabi University

«Метеорология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев музейіне барды

8 сәуір, 2025

5 ақпан күні   «Метеорология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев музейіне, музей үйіне барып, таным көкжиектерін кеңейтіп, атамыз туралы білімдерін арттырып қайтты.

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл, Верный – 22 тамыз 1993 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962 және 1964–1986) және КОКП ОК саяси бюросының мүшесі (1971–1987) лауазымдарының иегері.

Музей қызметкерлері Димаш Ахметұлының өмірбаяны, ата-анасы, бауырлары туралы естеліктермен бөлісіп, Мәскеудің түсті металл институтындағы студенттік шағы, елге қайта оралып, еңбек жолын бастап, тау-кен саласындағы елеулі еңбектрі туралы тың ақпарттармен бөлісті. Димаш атамыздың қызығушылықтары оттық жинау, қару-жарақ коллекциялау мен кітап оқу болған екен. Музей үйіндегі кітапханасы студенттерді таңқалдырмай қоймады.