Ашық кураторлық сағатFarabi University

Ашық кураторлық сағат

9 сәуір, 2025

2025 жылдың 2 сәуірінде рекреациялық география және туризм кафедрасының 7М11101-Туризм білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Жұлдыз Асқарқызы Заминова педагогикалық практика аясында ашық кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағат 6В11101-Туризм білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне «Фестивальдар – халықтың тарихын танып-білу жолы» тақырыбында өтті. Кездесу барысында студенттер әлемнің кейбір елдері бойынша түрлі ұлттық фестивальдердің тарихымен, олардың халық өміріндегі маңыздылығымен, сондай-ақ мерекелер ата-бабалардың әдет-ғұрыптарын, нанымдары мен дүниетанымын қалай бейнелейтінімен танысты. Фестивальдердің заманауи формалары тарихпен байланыста болып, оны жаңа ұрпаққа қалай жеткізетініне ерекше назар аударылды. Іс-шара өзінің және басқа халықтардың мәдениетін зерттеуге деген қызығушылықты қалыптастыруға, тарихи тамырларға деген құрметті нығайтуға ықпал етті.

Іс-шара ТДМ 4 аясында өтті.