Мемлекет басшысы ҚазҰУ-дың жас ғалымына пәтер сертификатын табыстады
Ғылым күні қарсаңында, 2025 жылдың 10 сәуір күні Президент ғалымдармен кездесіп, кәсіби мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның әр саласында табысты еңбек етіп, мемлекетімізді өркендетуге атсалысып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді: "Ғылым жолы – күрделі жол. Өз ісіне адал, табанды, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаз адамдар ғана ғылым жолындағы қиындыққа төзе алады. Біз шын мәнінде озық ойлы ұлт боламыз десек, қоғамда осы қасиеттерді дәріптеп, орнықтыруымыз қажет. Ұлы Абай да өз заманында «Ғылым таппай мақтанба» деп өсиет қалдырды. Қазір технология қарқынды дамыған кезеңде біз үздіксіз ізденіске, терең білім мен ғылымға ерекше мән беруіміз керек. Мен Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай кезінде арнайы осы мәселеге тоқталдым. Бұл ретте, ғылыми қауымдастыққа айрықша жауапкершілік жүктеледі. Өйткені, ғалым – ұлттың шамшырағы", – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі, Бизнес-технологиялар кфедрасының аға оқытушысы, жас ғалым Калмакова Динара Таңатқызына жаңа пәтердің сертификатын табыстады.
Бұл бағыт бойынша сұрақтар болса, ректорат 10-қабат, 10-03-кабинет.
Ғылым және инновациялық қызмет департаменті
Басқа жаңалықтар
.jpg)

