- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасына АҚШ-тың Сэйлем мемлекеттік университетінің география және тұрақты даму кафедрасының профессоры Стивен Янг (Stephen Young) арнайы келді.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасына АҚШ-тың Сэйлем мемлекеттік университетінің география және тұрақты даму кафедрасының профессоры Стивен Янг (Stephen Young) арнайы келді.

2025 жылғы 8 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасына АҚШ-тың Сэйлем мемлекеттік университетінің география және тұрақты даму кафедрасының профессоры Стивен Янг (Stephen Young) арнайы келді.
Профессор Стивен Янг «TerrSet liberaGIS бағдарламалық жасақтамасы арқылы геокеңістіктік мониторинг және модельдеу» тақырыбында қызықты әрі мазмұнды шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағына университеттің оқытушылары, докторанттары және магистранттары қатысып, геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерімен танысып, тәжірибе алмасты.
Профессор Стивен Янг екі апта бойы магистранттар және докторанттармен тығыз байланыста болып, олардың диссертациялық жұмыстары бойынша кеңес береді және ғылыми зерттеулерге бағытталған жұмыстар жүргізеді.
Кафедра атынан профессор Стивен Янгқа алғысымызды білдіреміз және болашақта ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайтамыз деген үміттеміз.
Басқа жаңалықтар

