Математика мамандығының 22-6 тобының студенттері факультет ғимаратының алдына ағаш отырғыздыFarabi University

Математика мамандығының 22-6 тобының студенттері факультет ғимаратының алдына ағаш отырғызды

9 сәуір, 2025

Көктемнің келуіне орай және экологиялық бастамалар аясында "Математика" мамандығының 22-6 тобының студенттері (топ кураторы – Султангазиева Ж.) механика-математика факультетінің алдында ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды.

Студенттер бірлесе отырып, факультет ғимаратының алдына бірнеше жас көшеттер отырғызды. Бұл идея студенттердің оқу үдерісінен тыс кездесуінде көтеріліп, оқытушылар мен факультет әкімшілігінің қолдауына ие болды. Студенттердің айтуынша, мұндай шаралар аумақты көркейтіп қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулиды.

Қатысушылардың пікірінше, ағаш отырғызу – болашаққа, климатқа және ортақ үйіміз – Жер планетасына қамқорлықтың символдық қадамы болып табылады.

Бұл бастама студенттердің 13-мақсат — Климаттың өзгеруіне қарсы күрес және 15-мақсат — Құрлық экожүйелерін сақтау атты Тұрақты даму мақсаттарына қосқан нақты үлесі болып саналады. Ағаш отырғызу ауа ластануымен күресуге, микроклиматты жақсартуға және тұрақты қалалық экожүйелердің дамуына ықпал етеді.

Иманбердиев Канжарбек,

Математика кафедрасының меңгерушісі

Мухамбеткалиев Мурат,

Математика кафедрасының оқытушысы