- Басты бет
- Жаңалықтар
- Механика-математика факультетіндегі «Фараби әлемі – 2025» студенттер мен жас ғалымдардың конференциясы туралы
Механика-математика факультетіндегі «Фараби әлемі – 2025» студенттер мен жас ғалымдардың конференциясы туралы

2025 жылғы 3-5 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл ғылыми шара Қазақстан университеттерінен келген жас зерттеушілерді біріктірген маңызды оқиғаға айналды. Конференция студенттер, магистранттар және 40 жасқа дейінгі жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін қолдау мен дамыту мақсатында ұйымдастырылды (ТДМ 4 – сапалы білім беру).
Конференция аясында ғылымның түрлі салаларын қамтитын теориялық және қолданбалы бағыттар бойынша секциялық отырыстар өткізілді. Іс-шараның жұмыс тілдері қазақ, орыс және ағылшын тілдері болып, халықаралық деңгейде қатысуға және ашық ғылыми диалог орнатуға мүмкіндік берді (ТДМ 17 – тұрақты даму мақсатындағы серіктестік).
Механика-математика факультетінің базасында дифференциалдық теңдеулер мен теориялық механикадан бастап робототехника мен актуарлық математикаға дейінгі кең ғылыми бағыттарды қамтитын тоғыз секция бойынша баяндамалар тыңдалды. «Математикалық модельдеу және есептеу математикасы» секциясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы тарапынан ұйымдастырылып, қолданбалы математика, сандық талдау, компьютерлік модельдеу және алгоритмдерді әзірлеу салаларында жұмыс істейтін жас ғалымдарды біріктірді.
Секция аясында механикалық жүйелердің модельдеуі мен биомедициналық міндеттерден бастап, мәліметтерді өңдеуге арналған интеллектуалды алгоритмдерді әзірлеу, сызықтық емес жүйелердің орнықтылығын талдау, машиналық оқытуды қолдану және қолданбалы міндеттерге арналған цифрлық шешімдер жасауға дейінгі тақырыптарда баяндамалар ұсынылды. Қатысушылар ғылыми жаңалықтар, эксперименттік нәтижелер мен бағдарламалық өнімдер ұсынып, қызу пікірталас пен идея алмасуға себеп болды.
Механика-математика факультеті ұсынылған жұмыстарының жоғары деңгейі мен пікірталастарға белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушыларға алғысын білдіреді. «Фараби әлемі» конференциясы жас зерттеушілер арасында ғылым мен академиялық өзара әрекеттестік үшін маңызды платформа болып табылатынын атап өтеді.
МКМ кафедрасының маманы
Басқа жаңалықтар

