- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Алматы экологиялық құбылыс ретінде: ірі мегаполистің тұрақты дамуының сын-қатерлері"тақырыбындағы Ош мемлекеттік университетінің (ОшМУ, Қырғыз Республикасы) магистранттары мен докторанттарына арналған онлайн-дәріс
"Алматы экологиялық құбылыс ретінде: ірі мегаполистің тұрақты дамуының сын-қатерлері"тақырыбындағы Ош мемлекеттік университетінің (ОшМУ, Қырғыз Республикасы) магистранттары мен докторанттарына арналған онлайн-дәріс
2025 жылғы 14 сәуірде Ош мемлекеттік университетінің "География" және "Туризм" бағыттарының магистранттары мен докторанттары үшін "Алматы экологиялық құбылыс ретінде: ірі мегаполистің орнықты даму сын-қатерлері" тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді.
Дәрісті г.ғ.к., қауымдастырылған профессор Базарбаева Турсынкул Аманкельдиевна — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі оқыды.
Дәріс барысында Алматы қаласының қазіргі заманғы даму ерекшеліктері, мегаполистің алдында тұрған негізгі экологиялық және урбанистік сын-қатерлер, сондай-ақ Орталық Азияның басқа қалаларының тұрақты дамуы үшін пайдалы болуы мүмкін тәжірибе көрсетілді.
Сөз сөйлегеннен кейін қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды, бұл академиялық диалогты нығайтуға және ОшМУ магистрлері мен докторанттарының кәсіби өсуіне ықпал етті. Аталған дәріс Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы академиялық ынтымақтастық аясында өткізілді.
Басқа жаңалықтар

