Қытайтанушы студент «Фараби әлемі» конференциясында үздік деп танылдыFarabi University

Қытайтанушы студент «Фараби әлемі» конференциясында үздік деп танылды

15 сәуір, 2025

2025 жылдың 4 сәуір күні өткен Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында Қытайтану кафедрасы «шығыстану» мамандығының 2 курс студенті Есімбек Мөлдір «Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті» секциясында жүлделі 1 орынды иеленіп, факультет бойынша өткен 4 секция жеңімпаздарымен қосымша сайысты. Қазылар алқасы барлық баяндамашыларды тыңдап шықты. Бірінен бірі өткен жас ғалымдардың ішінен жеңімпазды анықтау тіпті де оңай болған жоқ. «Қытайдағы цензура: Тарихи негіздері және заманауи механизмдері» атты тақырыпта баяндама жасаған Мөлдір бұл жерде де жеңімпаз атанды. 14 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да IV халықаралық Фараби форумының жабылу салтанаты өтіп, жыл сайынғы ауқымды іс-шараның қорытындысы шығарылды. Осы үлкен жиында Қытайтану кафедрасының жас ғалымы университет ректоры Ж.Қ. Түймебаевтың қолынан 1 дәрежелі диплом мен ақшалай сыйақы алды. Шығыстанушы жас ғалымға осындай «инемен құдық қазғандай» қиын да қызық ғылым жолында шығармашылық табыс тілейміз.