- Басты бет
- Жаңалықтар
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетінде өткен маңызды және ерекше шарада Қиыр Шығыс кафедрасының студенттерінің жетістігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетінде өткен маңызды және ерекше шарада Қиыр Шығыс кафедрасының студенттерінің жетістігі

14 сәуір күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультеті ерекше әрі рухани маңызы зор шара өтті. Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен өткен халықаралық олимпиадада еліміздің 1-2 курс студенттері Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын қазақ, орыс, ағылшын, араб, түрік, корей, ұйғыр тілдерінде мәнерлеп оқып, өзара бақ сынасты. Шараның басты мақсаты – Абайдың терең ойлы өлеңдері мен қара сөздерін әлемнің түрлі тілдерінде көркемдеп жеткізу арқылы жастарды ұлы ақынның мұрасын терең танып, оны болашаққа жеткізуге шақыру болды.
Әр тілдің өзіне тән әуезділігі мен сұлулығы арқылы Абайдың өлеңдері жаңа бояулармен жарқырап, тыңдарманның жүрегіне жол тапты. Студенттер өз өнерлерін паш етіп, ұлттық құндылықтар мен әлемдік әдебиетті байланыстырудың құндылығын дәлелдеді. Аталған халықаралық олимпиадаға Қиыр Шығыс кафедрасы корей тобының 2 курс студенттері, Тлектес Данияр Мирхатұлы, Саметқан Тоғжан Болатқызы, Мұратхан Еркежан Асхатқызы қатысты. Сол күні сахнаға шыққан студентіміз Мұратхан Еркежанның жұлдызы жарқырап, үміт пен еңбек табысы өз жемісін берді. Бұл студентіміздің таланты мен қажырлы еңбегі көпшіліктің көз алдында жарқырап, оның 3-ші орынға ие болуы қуаныш пен мақтаныш сезімін ұялатты. Ол өзінің тілдік шеберлігін, шығармашылық әлеуетін толыққанды көрсете алды. Бұл жетістік тек оның жеке табысы ғана емес, тұтас университеттің абыройын асқақтатты. Студентіміздің өнері көрермендердің жүрегін жаулап, оны осы олимпиаданың ең үздік қатысушыларының қатарынан көрсетті.
Бұл олимпиада Абайдың мұрасын әлем тілдерінде насихаттау мен қазақ әдебиетінің тереңдігіне деген құрметтің символына айналды. Жеңімпаздардың қатарында болған Мұратхан Еркежанның жетістігі – жас таланттың жоғары деңгейде шеберлігін дәлелдеген сәті болды.
Басқа жаңалықтар

