«Маусымдық күйзеліс: қалай күресуге болады және күш-қуатты сақтау жолдары»Farabi University

«Маусымдық күйзеліс: қалай күресуге болады және күш-қуатты сақтау жолдары»

15 сәуір, 2025

2025 жылғы 15 сәуір күні «Екі шет тілі мамандығы» студенттермен «Маусымдық күйзеліс: қалай күресуге болады және күш-қуатты сақтау жолдары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушылары, ф.ғ.д. Г.Ж. Болатова,  педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, пед.ғ.к. Б.И. Иманбекова, сондай-ақ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры м.а., психол.ғ.к. Н.С. Жұбаназарованың жетекшілігімен «7М02309 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Есенбекова Ж.А  ұйымдастырды.
Шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты - «Салауатты өмір салты мен адамдардың амандығын қамтамасыз ету» аясында ұйымдастырылды. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты - студенттердің маусымдық күйзеліс себептері, белгілері және алдын алу жолдары туралы түсінігін кеңейту болды.Іс-шара интерактивті форматта өтті. Студенттерге маусымдық күйзелістің негізгі белгілері, оның физиологиялық және психологиялық себептері түсіндірілді. Тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетіліп, кейін қысқаша медитация жаттығуы жүргізілді. Бұл тынығуға, ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектесті. Сонымен қатар, студенттермен блиц-сауалнама жүргізіліп, олар өз тәжірибелерімен бөлісті, шаршау мен күйзелістен арылудың өздеріне тиімді жолдарын атап өтті. Ашық әрі сенімді атмосферада өткен әңгіме барысында студенттер белсенділік танытып, өз пікірлерін еркін білдірді. Кездесу соңында ұйқы режимі, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және психологиялық гигиена сияқты пайдалы кеңестер берілді.