Гео-Энергетика орталығына 15 жылFarabi University

Гео-Энергетика орталығына 15 жыл

11 сәуір, 2025

10 сәуір күні «Механика және энергетика» мамандығы бойынша білім алып жатқан 1 курс магистранттары Р.Бегимбекова мен Е.Карлина педагогикалық практика аясында Гео-Энергетика орталығының 15 жылдығына арналған ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Семинарға «Механика» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2 және 4 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында Гео-Энергетика орталығының тарихы, Франция университеттерімен бірлескен қосдипломды магистратура бағдарламасының ерекшеліктері, шәкіртақылар, шетелдік тағылымдамалар мен француз тілін меңгеру мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, бұл бағдарлама Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) — сапалы білім, орнықты энергетика және халықаралық әріптестік бағыттарына қосатын үлесі атап өтілді.

🎤 Шақырылған қонақтар қысқаша баяндамаларымен сөз сөйледі:
* Аньес Буссе — Гео-Энергетика орталығының директоры;
* Ержан Беляев — қосдипломды бағдарлама үйлестірушісі;
* Роза Сабирова — механика-математика факультеті деканының орынбасары;
* Динара Туралина — кафедра меңгерушісі;
* Айым Керейкулова — бағдарлама түлегі.

🎥 Сондай-ақ видеоматериалдар көрсетілді, онда өз тәжірибелерімен бөліскендер:
* Академик Калтаев А. — бағдарламаның негізін қалаушы;
* Тунгатарова М.С. — бұрынғы үйлестіруші;
* Абдидин А. — 2 курс магистранты.

Семинар соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, бағдарламаға қатысу шарттарымен танысты. Іс-шара ашық пікір алмасу алаңына айналды.

Туралина Динара Елесизовна

Механика кафедрасының меңгерушісі