- Басты бет
- Жаңалықтар
- Профессор Д.Қ. Дускаевтің Германиядағы ғылыми тағылымдамасы бойынша есептік кездесуі өтті
Профессор Д.Қ. Дускаевтің Германиядағы ғылыми тағылымдамасы бойынша есептік кездесуі өтті
2025 жылдың 16 сәуірінде География және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасында профессор Касым Коянбаевич Дускаевтің ғылыми тағылымдамасының қорытындысы бойынша есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында профессор Дускаев К.К. 2025 жылғы 24 ақпан мен 14 наурыз аралығында Германияның Галле-Виттенберг қаласындағы Мартин Лютер университетінде өткен ғылыми тағылымдамасының нәтижелерімен таныстырды. Баяндаманың негізгі бағыты Орталық Азиядағы су ресурстарын бірігіп басқару бойынша оқу модулін әзірлеуге қатысуға арналды.
Бұл тағылымдама әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық рейтингін арттыруға өз үлесін қосты. Орталық Азиядағы «Климатқа сезімтал су ресурстарын басқару» атты халықаралық аймақтық жобаға қатысу, Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлес, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің жетекші ғалымдары мен мамандарымен бірлесіп интеграцияланған су ресурстарын басқару (ИСБР) бойынша оқу модулін дайындау және жариялау – мұның барлығы халықаралық ынтымақтастықты күшейтіп, өңірлік бассейндік су шаруашылығы ұйымдарының әлеуетін арттырады.
Іс-шараға метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары, докторанттары, магистранттары және студенттері қатысты. Қатысушылар ұсынылған тәжірибеге үлкен қызығушылық танытып, оның кафедраның ғылыми-білім беру қызметі мен профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттырудағы өзектілігін атап өтті.
Кездесу соңында халықаралық әріптестермен одан әрі ынтымақтастық бағыттары және алынған білімді оқу үдерісіне және университеттің ғылыми-зерттеу жұмысына енгізу мүмкіндіктері талқыланды.
Басқа жаңалықтар

