Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы

2025 жылдың 18 сәуірінде 4-ТДМ «Сапалы білім» бағыты аясында университет қабырғасында «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәнінен ұйымдастырылған «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-педагог» атты ашық дәріс сабағы мен «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы» тақырыбындағы ашық семинар ерекше серпінмен өтті. Аталмыш іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушылары, ф.ғ.к. С.Д. Дәрібаев, ф.ғ.д. Г.Ж. Болатова, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, пед.ғ.к. Б.И. Иманбекова, сондай-ақ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры м.а., психол.ғ.к. Н.С. Жұбаназарованың жетекшілігімен «7М02309 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Ұ.О. Ахан ұйымдастырды.
Аталған дәріс пен семинар сабағы студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұрасын терең меңгеруге мол мүмкіндік берді. Ашық дәрісте ұстаз дәстүрлі баяндау тәсілдерін заманауи білім беру технологияларымен шебер ұштастырып, мультимедиалық материалдарды интерактивті тапсырмаларды қолдана отырып, тың әрі мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
Ал семинар сабағында студенттер Ыбырай Алтынсарин шығармаларын талдау барысында топтық жұмыс, презентация, Padlet секілді платформаларды тиімді пайдаланды. Оқытушы мен студент арасындағы диалогтік қатынас, еркін пікір алмасу, шығармашылық көзқарасты дамыту – семинардың ерекшелігі болды.
Сабақ соңында студенттер Ыбырай Алтынсариннің ел болашағы үшін жасаған еңбектерін қазіргі заманмен байланыстыра отырып, оның идеяларының өзектілігін дәлелдеді. Студенттердің белсенділігі, жауапкершілігі мен шығармашылық ізденісі – сапалы білім берудің айқын көрсеткіші екені сөзсіз.
Ашық дәріс пен семинар – ұлттық әдеби мұраны заманауи форматта меңгеруге жол ашып, 4-ТДМ мақсатына сәйкес сапалы білім беру бағытында нәтижелі қадам болды.
Басқа жаңалықтар


