- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Түрген шатқалында өсімдіктер көшеттері отырғызылды
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Түрген шатқалында өсімдіктер көшеттері отырғызылды
2025 жылғы 21 сәуірде ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында экологиялық маңызы зор шара жүзеге асырылды. Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен Іле Алатауы бөктерінде орналасқан Түрген шатқалында көшеттер отырғызу іс шарасы өткізілді. Табиғат ресурстарын тиімді тұтыну үшін Сиверс алмасы, абрикос және кәдімгі қарағай көшеттері отырғызылды.
Іс-шараға халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры Омиржанов Есбол Токтарбаевич, Түрген филиалының рекреация және туризм маманы Дюсембиев Дархан Батырханұлы, орман шеберлері Алимов Асубек Елубаевич.,Ростовцев Николай Петрович., Султанов Өскен Казбекович, эколог-ағартушы Ниеталива Жанаргуль Айболатовна, мемлекеттік инспекторлар Темірханов Назар Ерланұлы, Сегизбаев Думан Жумартович, Экология білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Т.А., сондай-ақ кафедра оқытушылары Мұқанова Г.А. мен Курбанова Л.С. белсене қатысты. Табиғат аясындағы бұл бастама – студенттердің қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Қатысушылар Түрген шатқалында бірнеше жеміс ағаштарын және қылқан жапырақты өсімдіктерді отырғызып, табиғатпен үндестікте болудың маңызын іс жүзінде көрсетті. Бұл шараның мақсаты – табиғатты аялауға, жасыл желекті көбейтуге және жастардың экологиялық білімін, сана-сезімін дамытуға үлес қосу.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға рухани серпін мен жағымды әсер сыйлады. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.
Басқа жаңалықтар

