ТДМ-4: Жазушы, сыншы Айзат Рақышпен кездесу өттіFarabi University

ТДМ-4: Жазушы, сыншы Айзат Рақышпен кездесу өтті

16 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы «FARAB» оқырмандар клубымен бірлесіп, Механика-матиматика факультетінің ұйымдастыруымен 16 сәуір күні Қазақстан жазушылар одағының, ҚР Журналисттер одағының, Қазақ авторлар қоғамының білікті ұстазы, жазушы, сыншы Айзат Рақышпен кездесу өтті

Кездесу барысында студенттер жазушының әңгімелері мен сыни мақалаларына терең талдау жасап, олардың әдебиеттегі орны мен маңыздылығын зерттеді. Студенттер шығармашылық процесінің әртүрлі аспектілерін, жазушының стилін, тақырыптарын және кейіпкерлерін талқылап, өз пікірлерімен бөлісті.

Кездесудің мақсаты – студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ сыни ойлау қабілеттерін дамыту болды. Студенттер жазушының шығармаларындағы әлеуметтік мәселелерді, адамгершілік құндылықтарды және заманауи қоғамдағы рөлін талқылап, өздерінің көзқарастарын білдірді. Кездесу соңында студенттер мен қонақтар арасында сұрақ-жауап барысы ұйымдастырылды. Бұл уақытта студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, жауаптар алды. Нәтижесінде, әдеби кездесу студенттер мен қонақтарға құнды ақпараттар беріп, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын оятты!

Студенттердің белсенді қатысуы мен ынтасы кездесудің табысты өтуіне септігін тигізді. Мұндай шаралар болашақта да жалғасын тауып, жастардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал ететініне сеніміміз мол!