Теңіз экожүйелерін сақтауFarabi University

Теңіз экожүйелерін сақтау

22 сәуір, 2025

2025 жылдың 22 сәуірде №17 жатақханада «6В02303 – Шетел филологиясы» мамандығының 4 курс студенттері және куратор Э.К. Бектурованың жетекшілігімен ТДМ 14 «Теңіз экожүйелерін сақтау» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. 
ТДМ 14 мақсаты: Мухиттерді, теңіздерді және теңіз ресурстарын тұрақты даму мүдделерінде сақтау және ұтымды пайдалану. 
Студенттермен тақырыпты талқылай отырып, қазіргі таңда кездесетін экологиялық проблемалардың басты себептерін анықтадық. Қоршаған ортаның ластануы біздің планетамызға және болашақ ұрпақтардың өміріне ең үлкен қауіп төндіреді. Жыл сайын мұхитқа 5-12 миллион тонна пластик түседі. Бұл теңіз жануарлары мен микроорганизмдер үшін өте зиянды.
Іс-шара қызу пікірталаспен аяқталды, онда қатысушылар күнделікті өмірде тұрақтылық пен қоршаған ортаны қорғауды ілгерілетуге қалай үлес қоса алатындығы туралы өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді.
 
Шетел филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Э.К. Бектурова