- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-де қытай тілін үйренушілер арасында шығыстану пәнінен XVII Республикалық олимпиада өтті
ҚазҰУ-де қытай тілін үйренушілер арасында шығыстану пәнінен XVII Республикалық олимпиада өтті

23 сәуір күні Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы ұйымдастыруымен «6В02207-Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша ХVII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеттерінде Шығыстану мамандығы бойынша білім алып жүрген 20 студент өтінім берді. Қатысушылар 1 турда қытай тілі мен елтану бойынша 100 сұрақтан тұратын тест жазды. 2 турға тест нәтижесі бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен 8 студент өтті. Екінші турда үміткерлер ««Қазақстан мен ҚХР: өзара ынтымақтастықтың перспективалары» атты тақырыпта дайындаған жобаларын ортаға салды. ҚХР-дың Алматы қаласындағы білім беру жөніндегі консулы Хуан Сяомин (Huang Xiaomin) ханым бастаған комиссия мүшелері қатысушыларды мұқият тыңдап шығып, өз бағаларын берді. Нәтижесі төмендегідей болды:
І ДӘРЕЖЕЛІ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДИПЛОМЫМЕН
Адайхан Дильназ Адайханқызы марапатталды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті Шығыстану кафедрасының «6В02209 – Шығыстану» мамандығы бойынша 2 курс студенті.
Ғылыми жетекшісі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті Шығыстану кафедрасының PhD, доцент м.а. Биримкулова Гульнара Усербаевна.
2. ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДИПЛОМЫМЕН
1. Шилова Алина Александровна марапатталды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының «6В02207 – Шығыстану» мамандығы бойынша 3 курс студенті. Ғылыми жетекшісі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының PhD, доцент м.а. Анипина Алия Каркеновна.
2. Лян Стефания Сергеевна марапатталды
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті Шығыстану кафедрасының «6В02201 – Шығыстану» мамандығы бойынша 3 курс студенті. Ғылыми жетекшісі – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультеті Шығыстану кафедрасының аға оқытушысы Жанаділ Нұрбол.
3. ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДИПЛОМЫМЕН
1. Ермахан Сәкен Аханұлы марапатталды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының «6В02207 – Шығыстану» мамандығы бойынша 3 курс студенті. Ғылыми жетекшісі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының филология ғылымдарының кандидаты, доцент Дәулет Фатимабибі Ноғайқызы.
2. Ілияс Дінмұхамед Ғабитұлы марапатталды.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті Шығыстану кафедрасының «6В02201 – Шығыстану» мамандығы бойынша 2 курс студенті.
Ғылыми жетекшісі – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультеті Шығыстану кафедрасының оқытушысы Бугытаева Самал Куатовна.
3. Александров Степан Ильич марапатталды.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті Шығыстану кафедрасының «6В02201 – Шығыстану» мамандығы бойынша 2 курс студенті.
Ғылыми жетекшісі – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультеті Шығыстану кафедрасының оқытушысы Бугытаева Самал Куатовна.