Кітап – білім бұлағы: ҚазҰУ студенттік заң клиникасында әдеби-танымдық іс-шара өттіFarabi University

Кітап – білім бұлағы: ҚазҰУ студенттік заң клиникасында әдеби-танымдық іс-шара өтті

23 сәуір, 2025

2025 жылғы 23 сәуірде, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы жанындағы студенттік заң клиникасында Ұлттық кітап күніне орай ерекше іс-шара өтті.

Іс-шараға кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Қуаналиева Г.А. және кафедраның аға оқытушысы Бакиров Д.А. жетекшілік етті. Шараға заң факультетінің 2-курс студенттері қатысты.

"Кітап – білім бұлағы" атты бұл әдеби-танымдық жиында студенттер Абайдың қара сөздерін оқып, талдап, оның философиялық, тәрбиелік мәнін ашуға тырысты. Шара рухани жаңғыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.