- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті студенттерінің Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасының өкілдерімен кездесуі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті студенттерінің Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасының өкілдерімен кездесуі

2025 жылғы 30 сәуірде сағат 12:00-де 401-аудиторияда заң факультеті студенттеріне арналған кездесу өтті. Кездесуге Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасының оперуполномоченныйлері — Сәрсембек Азамат Бағдатұлы мен Расылхан Батырхан Айдарханұлы қатысты.
Іс-шараның мақсаты — болашақ заңгерлерді ақпараттық қауіпсіздік пен киберқылмыстар саласындағы қазіргі қауіп-қатерлермен, сондай-ақ осы саладағы құқық қорғау органдары жұмысының практикалық аспектілерімен таныстыру болды.
Сәрсембек Азамат Бағдатұлы фишинг, әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық, аккаунттарды бұзу және зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді тарату сияқты кең таралған киберқылмыс түрлерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Жеке деректерді қорғау жолдарына, цифрлық сауаттылыққа және мұндай құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің заңнамалық негіздеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, киберқылмыстарды тергеу рәсімдері мен осы саладағы мамандандырылған полиция бөлімшелерінде практикадан өту мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті арттыруға, студенттердің көзқарасын кеңейтуге және оларды цифрландыру жағдайындағы кәсіби дамуға ынталандыруға ықпал етеді.
Іс-шараны ұйымдастырушы: « Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасы.
Басқа жаңалықтар


