- Басты бет
- Жаңалықтар
- «СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯЛАР»
«СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯЛАР»

2025 жылдың 2 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 70 жылдық мерейтойына орайластырылған, з.ғ.к, профессор З.К.Абдуллинаның ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған «СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯЛАР» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шараны Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы ұйымдастырды.
Конференцияда келесі мәселелер талқыланады деп күтілуде:
- азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру тиімділігін арттыру факторы ретінде азаматтық процестік заңнамасын жетілдіру;
- сот қызметінде жасанды интеллект қолдану мүмкіндіктері мен тәуекелдері;
- азаматтық сот ісін жүргізуде дауларды шешудің баламалы әдістерін әзірлеу: қазақстандық және шетелдік тәжірибе;
- азаматтық процестік құқықты оқытудың өзекті мәселелері.
Заң факультетінің деканы У.А.Ахатов, және «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасының меңгерушісі, профессор С.Ж.Сүлейменова құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияда сонымен қатар келесі баяндамашылар сөз сөйледі: А.Е.Жатқанбаева – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, з.ғ.д., Д.Б.Османова – з.ғ.к., доцент, С.С.Капсаламова – з.ғ.к., Актениз университетінің (Анкара, Түркия) доценті, Т.М.Абайделдинов – з.ғ.к., доцент, Ахмедова Ф.А. – Ташкент мемлекеттік заң университеті және т.б.
Профессор А.С.Ибраева өз сөзінде: «Ұстаздарымызды еске алып жатқандарыңыз өте жақсы. Бұл өте маңызды! Ал конференцияның профессор З.К.Абдуллинаның құрметіне аталуының өзі де дұрыс! Зуфнун Қадырқызы Абдуллина азаматтық іс жүргізу саласындағы жетекші ғалым болды. З.Қ.Абдуллинаның ғылыми-педагогикалық қызметі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды: «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай ерен еңбегі үшін» медалі; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен – Қазақ КСР Азаматтық іс жүргізу кодексін дайындауға қатысқаны үшін (1964); Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрлігі мен Білім, жоғары оқу орындары және ғылыми мекемелер қызметкерлері кәсіподағының республикалық комитетінің Құрмет грамотасы; Қазақ КСР Әділет министрлігінің Құрмет грамотасы; «Еңбек ардагері» медалі (1985); Қазақ КСР Халық ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы (1989) және университетіміздің басшылығы тарапынан бірнеше рет алғыспен жігерленді».
Профессор С.К.Атаханованың ұстаз, тәлімгер, құқықтық білім мен ғылымның дамуына қосқан зор үлесі туралы мазмұнды сөзі: «Зуфнун Қадырқызы қызметін қоғамдық және ғылыми қызметпен ұштастыра білді. Екі рет Алматы қаласы Совет аудандық халық депутаттары аудандық кеңесінің депутаты болып сайланды (1967-1969, 1969-1971 жж.). учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары ретінде Қазақ КСР Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі болды.
Іс-шара соңында қатысушылар азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру, азаматтық сот ісін жүргізуде дауларды шешудің баламалы әдістерін әзірлеу және цифрлық медиация бойынша қорытынды қаулыларды талқылады.
Конференцияны ұйымдастырушылар барлығына қатысқандары және қызықты пікірталастары үшін алғыстарын білдірді!
Атаханова С.К., з.ғ.к, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының профессоры.
Оспанова Д.А., з.ғ.к., азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Басқа жаңалықтар


