- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ жобасының «Тұрақты даму үшін серіктестік» тармағы аясында ирандық делегация Шығыстану факультетінде болды
ТДМ жобасының «Тұрақты даму үшін серіктестік» тармағы аясында ирандық делегация Шығыстану факультетінде болды

2025 жылғы 2 мамырда Шығыстану факультетіне Табатабаи университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры Мандана Тишеяр ханым мен Иран ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Мортаза Нури мырза ресми сапармен келді. М.Тишеяр ханым мен М.Нури мырза Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен жүздесті. Кездесу аясында екі университет арасында ғылыми ынтымақтастық мәселелерін талқыланды. М.Тишеяр ханым гуманитарлық бағытта ҚазҰУ және Табатабаи университеті бірлесіп шығаратын «Наурыз» атты ғылыми-танымдық журналы туралы мәлімдеп, тұжырымдамасын ұсынды. Ол аталған журналды келесі оқу жылынан бастап тұрақты түрде шығару жоспарланып отырғанын атап өтті. Басылымда қос университеттің және өзге де жоғары оқу орындары ғалымдарының мақалалары екі тілде қазақ, парсы тілдерінде жарияланатын болады. Сапар барысында Иран Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары М.Нури мырза арнайы презентация жасап, Иранның ұлттық кітапханасының тарихы, кітап қоры және цифрлық мүмкіндіктері туралы жан-жақты таныстырды. Ол Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының кітап қорын толықтыру мақсатында студенттер мен оқытушыларға қажетті парсы тіліндегі әдебиеттерді ұсынуға дайын екенін жеткізді. Кездесу жылы әрі мазмұнды өтті. Қос тарап болашақта нақты нәтижеге бағытталған бірлескен жұмыстар жүргізуге ниетті екенін атап өтті.
Басқа жаңалықтар


