Ұлы Жібек жолы мен қазақ мәдениетіне арналған жазғы мектеп өз жұмысын бастадыFarabi University

Ұлы Жібек жолы мен қазақ мәдениетіне арналған жазғы мектеп өз жұмысын бастады

5 мамыр, 2025

2025 жылдың 5 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қытайтану кафедрасы ұйымдастырған «Ұлы Жібек жолы және Қазақстан: тарихы, мәдениеті және өзара байланысы» атты жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Онлайн форматта өтіп жатқан бұл бағдарламаға Қытай Халық Республикасындағы Нанцзин педагогикалық университетінің 30 студенті қатысуда.

Жазғы мектеп бағдарламасы ежелгі Жібек жолының тарихы, қазақ халқының наным-сенімдері, ұлттық салт-дәстүрі, тағам мәдениеті, киім үлгілері мен ұлттық ойындары сияқты тақырыптарды қамтиды. Қазіргі уақытта шетелдік студенттер, соның ішінде қытайлық жастар арасында қазақ мәдениетіне деген қызығушылық артып отыр. Осыны ескере отырып, алдын ала сауалнама жүргізіліп, қытайлық студенттердің сұраныстары мен қызығушылықтарына негізделген мазмұнды бағдарлама жасалды.

Бағдарлама аясында Қытайтану кафедрасының оқытушылары қытайлық студенттер үшін арнайы қызықты әрі мазмұнды дәрістер дайындады. Жазғы мектеп 2025 жылдың 17 мамырына дейін жалғасады.