ҚазҰУ мен HKUST: Ғылымдағы жаһандық серіктестік

2025 жылғы 22 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоратында халықаралық деңгейдегі маңызды кездесу өтті. Университеттің басқарма төрағасының орынбасары – бірінші проректор Дүйсенов Еркін Эрманұлы, Механика-математика факультетінің деканы Досжан Нұрсұлтан Сағынайұлы және Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы әлемдік QS рейтингі бойынша 47-орында тұрған, беделді жоғары оқу орны — Гонконг ғылым және технология университетінің (HKUST) өкілдерін қабылдады.
Кездесу барысында ғылым мен білім салаларындағы өзара тиімді әріптестік мәселелері жан-жақты талқыланды. Тараптар бірлескен ғылыми жобалар жүргізу, академиялық ұтқырлықты арттыру, қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске қосу, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер арасында тәжірибе алмасу бойынша нақты қадамдарды бірлесе атқаруға уағдаласты.
Бұл кездесу БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының бірі — ЦУР 17: «Серіктестік мақсаттарға қол жеткізу үшін» бағытына толық сай келеді. Аталған мақсат жаһандық деңгейде тұрақты даму үшін көпжақты серіктестік пен тиімді халықаралық ынтымақтастықты жолға қоюды көздейді.
Осы орайда ҚазҰУ мен HKUST арасындағы орнаған байланыс — шекаралардан тыс білім мен ғылым интеграциясының жарқын көрінісі. Бұл бастама университетіміздің халықаралық беделін арттырып, жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігінде белсенді орнығуына жол ашады.
Білім мен ғылым — адамзат игілігі, ал халықаралық серіктестік — биік жетістіктерге апарар берік көпір. Біз әріптестікті нығайту арқылы сапалы білім мен іргелі ғылымның жаңа көкжиектерін бірлесе бағындырамыз!
Абайұлы Тұрмұханбет,
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының магистранты
Басқа жаңалықтар

