- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми зерттеу орталығы мен ҚР Ұлттық кітапханасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
«Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми зерттеу орталығы мен ҚР Ұлттық кітапханасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2025 жылдың 2 мамырында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми зерттеу орталығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл маңызды құжатқа орталық директоры Шадкам Зубайда және Ұлттық кітапхананың директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы қол қойды.
Меморандум аясында тараптар келесі бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты: ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен сараптамалық кездесулер ұйымдастыру, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру. Сонымен қатар, меморандум шеңберінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары мен докторанттарының Ұлттық кітапхананың Сирек кітаптар қорында іс-тәжірибеден өтуі, сирек қолжазбаларды зерттеу мен каталог жасау жұмыстарына қатысу мәселелері талқыланды.
Бұл келісім ғылыми қауымдастық пен білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, еліміздің жазба мұрасын зерделеу және рухани құндылықтарды сақтау бағытындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізуге жол ашады.
Н.Н.Кайранбаева
Басқа жаңалықтар


