Қытайтану кафедрасының докторанты Пекин тіл және мәдениет университеті жанындағы Дүниежүзілік қытайтану орталығында шетелдік тағылымдамадан өтті.Farabi University

Қытайтану кафедрасының докторанты Пекин тіл және мәдениет университеті жанындағы Дүниежүзілік қытайтану орталығында шетелдік тағылымдамадан өтті.

15 мамыр, 2025

          Шығыстану факультеті   қытайтану кафедрасының «8D02209-Шығыстану» БББ  3 курс докторанты Түргенбай Айнұр Абдулғаниқызы 2025 жылдың 1- 30  сәуірі аралығында Пекин тіл және мәдениет университеті жанындағы Дүниежүзілік қытайтану орталығында Пекин және Циньдао қалаларында ғылыми зерттеу жұмысына байланысты кешенді зерттеу жүргізу және докторлық диссертация бойынша материалдар жинақтау мақсатында тағылымдамадан өтті. Сапар барысында профессор Сюй Баофэн мырзадан, орталық  зерттеушілерінен диссертация тақырыбы бойынша кеңес алып қайтты.

     1.04.-07.04.2025 ж.аралығында Пекин тіл және мәдениет университеті жанындағы Дүниежүзілік қытайтану орталығы (ҚХР, Пекин) директоры, профессор Сюй Баофэнмен, қызметкерлерімен кездесіп, университеттің оқу ғимаратымен, орталықтың ішкі жұмысымен танысып, университет кітапханасында диссертация тақырыбына қатысты бірқатар ғылыми еңбектермен танысты.  7- сәуірден бастап Циндао қаласындағы Дүниежүзілік қытайтану орталығында Scopus журналдарына дайындалған мақала бойынша қосымша кеңестер алып, диссертация тақырыбы бойынша қажетті материалдарды жинақтап, ғылыми әдебиеттер зерделенді.  

        Тағылымдама барысында университет кітапханасында әдеби дереккөздер жиналды. Диссертацияның құрылымы толықтырылып, бекітіліп, соның негізінде жұмыс жазыла бастады.

      Пекин тіл және мәдениет университеті жанындағы Дүниежүзілік қытайтану орталығында шетелдік тағылымдамадан өту нәтижесінде докторлық диссертация жазу үшін қажетті кәсіби дағдылар айтарлықтай кеңейтілді. Тағылымдама барысында аталмыш университет пен орталық кітапханасынан дереккөздер жинақталып, Пекин, Циньдао қалаларындағы кітапханалар  мен кітап дүкендерінен дереккөздер қарастырылып, диссертациялық жұмысқа қатысты мол әдебиеттермен толықтырылды.

     Пекин тіл және мәдениет университеті жанындағы Дүниежүзілік қытайтану орталығының (ҚХР, Пекин, Циньдао қалалары) жетекші ғалымдарымен кездесуде жинақталған тәжірибелер мен шетелдік тағылымдамадан өту кезінде атқарылған жұмыстар докторант үшін де, болашақта ғылыми қызметті табысты атқару үшін де пайдалы болды.